Ұлттық сараптама орталығы Алматы ауасындағы ластағыштардың артқанын анықтады
Национальный центр экспертизы выявил превышение загрязнителей в воздухе Алматы 22.10.2019

Жыл сайын, тоқсанына бір рет, ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы жылдық жоспарға сәйкес магистральды көшелер бойындағы қаланың ауа бассейнінің жағдайына зертханалық мониторинг жүргізеді.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласы бойынша филиалымен 1 576 атмосфералық ауаны зерттеу жүргізілді, оның ішінде 431 сынамада сәйкессіздік анықталды.

Зерттеу барысында атмосфералық ауа бойынша санитарлық нормативтерге сәйкес азот диоксиді құрамы шекті рұқсат етілген концентрациядан 2.2 есе асып, күкірт диоксиді 1.2 және көміртегі оксиді 1.4 есе асып түсті. Бұл ластағыштар негізінен атмосфераның ластануының экологиялық тәуекелін анықтайды және адам денсаулығына теріс әсер етеді.

Атмосфералық ауада көміртек оксидінің болуы адам иіспен немесе түспен сезбейді. Ол дененің тіндерінде оттегінің жетіспеушілігін тудыруы мүмкін, бұл себепті бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы, сананың жоғалуы мүмкін. Ауада азот диоксидінің болуы көміртектермен өзара әрекеттескен кезде фотохимиялық тұманның пайда болуына ықпал етеді. Азот диоксиді-сарғыш-қоңыр түсті, көрінуді қатты нашарлататын, қоңыр ауа реңін беретін, жоғары уытталған, бронхит тудыратын, ағзаның респираторлық ауруларға қарсы тұруын төмендететін газ.

ҰСО мамандары қалада атмосфералық ауаның ластануының негізгі себептері автомобиль көлігімен ластаушы заттардың шығарындылары және көптеген өндірістердің ескірген технологиялары болып табылатындығын атап өтті.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК
«Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Баспасөз - қызметі
8 (7172) 55-49-08