Тұмау және ЖРВИ алдын алудың дезинфекциялық шаралары
Дезинфекционные мероприятия в профилактике гриппа и ОРВИ 06.12.2019

Жіті респираторлық вирустық инфекция дегеніміз - жоғары  тыныс алу жолдарының қабынуы. Оның өршуіне тұмау вирусының әсері зор. Ауру жұқтырғанда адамның дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, қалтырау мен құрғақ жөтел пайда болып, бас, ауырады. Дене қызуы төмендеген соң ғана тұмау басталады. Тұмауды асқындырып алса, пневмонияға ұласып, тыныс алу жолдары аурулары пайда болады. Өкпе мен мидың ісінуі, геморрагиялық синдром, бактериялық инфекциялар тұмаудың асқынған түріне тән. Тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекцияның алдын алу үшін дезинфекциялык шаралардың маңызы зор.

Эпидемиялық маусым кезеңінде медициналық, білім беру және сауықтыру, әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарында дезинфекциялық дәрілер мен теріге арналған антисептиктердің қажетті қоры болуы тиіс. Сондай-ақ, бөлменің ауасы тазартылуы керек. Төсек-орын жабдықтары, сүлгі, медициналық қызметкердің киімі мен асхана ыдысы, арнайы құралдар жеке бас гигиенасына қажетті заттар дезинфекцияланалы.

Респираторлық инфекцияның қоздырғыштары бөлмеде ұзақ уақыт сақталады(2-9 сағат). Бұл орайда тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекция ошақтарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда ауаны тазартып, дезинфециялық шараларды жүргізген жөн.

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардағы желдету жүйелері мен ауа өткізгіштердін жарамдылығы да маңызды рөл атқарады. Ластанған желдету жүйесі вирустарды, бактерияларды және басқа да патогенді микрофлоралардың дамуына қолайлы орта қалыптастырады. Жиhаз, медициналық құралдар, жеке гигиена заттары, ойыншық, ыдыс-аяқ респираторлық вирустық инфекцияның таралуының басты себебі болуы мүмкін.Тұмау вирусы темір және пластмасса бұйымдарда 24-48 сағат, әйнекте 10 күнге дейін сақталады.

Сол себепті дезинфекциялау құралдарың қолдана отырып, күніне  екі рет үй-жайды  жуып-тазалау қажет. Күтімге арналған  жабдық, жеке бас тазалығы құралдары  әр қолданыстан кейін зарарсыздандырылғаны жөн.

Тұмау мен жіті респираторлық вирустык инфекция ошақтарында қорғаныш  құралдары пайдаланады. Бұл  орайда медициналық және басқа да ұйымдарда дезинфекциялык құралдардың ерітіндісі бар ыдыстар қойылуы тиіс. Алдымен зарарсыздандыру жұмыстарынын жүргізу үшін дезинфекциялық заттардың микробқа қарсы белсенділігі мен құрамына баса назар аударған жөн. Тұмау маусымында жеке бас тазалылығына мән беріп,қолды жиі сабынмен жуу қажет.

Аурулардың алдын алу респираторлық вирустық инфекцияның таралуын тежеуге айтарлықтай ықпал етеді.

Петр Петушков
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
дезинфекция орталығының директоры