12.09.2023
Ұлттық сараптама орталығының басқарма төрағасы Ерлан Қиясовтың жұмыс сапары Екібастұз қаласының зертханаларына барудан басталды.
Ол зертханалардың ағымдағы жұмыс көлемімен танысып, мамандармен кездесті.
Одан кейін Ерлан Қиясов Ақсу және Павлодар қалаларындағы 9 аудандық бөлімшелер мен зертханаларға барды. Кездесуде ұйымдастырушылық мәселелері, зертханалық жабдықтармен жабдықтау кезеңдері, жоспарланған жөндеу жұмыстары талқыланды.
Сондай-ақ, кездесу барысында жақын арада желіге қосылатын жаңа жүк көліктерінің кілттері табысталды.
ҰСО Павлодар облысы бойынша филиалында 2 қалалық және 9 аудандық бөлімше жұмыс істейді. Жыл сайын 2,5 миллионнан астам зерттеулер жүргізіледі. Бүгінгі таңда филиалда 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді.