Қарағанды облысында халықты әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды
Вопросы социальной защиты населения обсудили в Карагандинской области 29.02.2024

Қарағанды облыстық мәслихатында әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Депутат Қадиша Оспанованың төрағалығымен өткен мәслихат отырысы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мәселесінен басталды, онда өңірдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, инфекциялардың таралуын бақылау жөніндегі шаралар, сондай-ақ олардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі стратегиялар талқыланды.

Өз сөзінің басында Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының директоры Азамат Түсіпбеков зертханалардың жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

Филиал директорының айтуынша, бүгінгі таңда облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қарағанды облысының барлық аумағында зертханалық орталықтардың болуы зертханалық диагностиканың заманауи және тиімді әдістеріне, халықаралық стандарттар мен зерттеулердің дұрыстығы бойынша заманауи жабдықта зерттеулер кешенін орындауға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«Облыста аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде біздің зертхана ғана бруцеллезге зерттеу жүргізеді. Мысалы, 2023 жылы бруцеллезге 4052 зерттеу жүргіздік», - деп атап өтті Азамат Түсіпбеков.

Сонымен қатар, вирусологиялық зертхана күн сайын бүкіл облыс бойынша қызылшамен ауыратын науқастардың материалына зерттеу жүргізеді және жыл сайын ПТР әдісімен энтеровируспен ауыратын науқастарға мониторинг жүргізеді.

«Өңіріміздің барлық медициналық ұйымдарына зертханалық қызмет көрсететініміз белгілі. Бүгінгі күні DamuMed кешенді медициналық ақпараттық жүйесін ҰСО бағдарламалық қамтамасыз етудің бірыңғай кешеніне интеграциялау жүргізілді, бұл өз кезегінде медициналық мекемелерге биологиялық материалды зерттеуге жеткізуді жеңілдетеді және биоматериалды жеткізу уақыты бұзылмайды», - деп түйіндеді филиал басшысы.


Сурет галереясы