ҰСО-да метрологиялық қамтамасыз ету тақырыбында семинар өтті: өлшеу құралдарын пайдалану және қызмет көрсету бойынша жаңа тәсілдер
В НЦЭ прошел семинар по метрологическому обеспечению: новые подходы в эксплуатации и обслуживании измерительных средств 26.02.2025

Біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында «Метрологиялық қамтамасыз ету және өлшеу құралдарын мен сынақ жабдықтарын пайдалану» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға метрология инженерлері мен кәсіпорын филиалдарының метрология қызмет көрсету бөлімдерінің басшылары қатысты.

Семинар барысында келесі негізгі тақырыптар қарастырылды:

  • Метрологиялық қамтамасыз етудің қазіргі заманғы талаптары;
  • Өлшеу жабдықтарын пайдалану және қызмет көрсету ережелері;
  • Өлшеу дәлдігін тексеру, калибрлеу, аттестациялау және бақылау әдістері;
  • Нормативтік базадағы өзекті өзгерістер.

Арнайы назар практикалық жағдайларға және мамандар өз жұмыстары кезінде кездесетін нақты мәселелерді талдауға аударылды.

Қатысушылар өлшеу сенімділігін арттыруға және құралдардың жұмыс тиімділігін жақсартуға бағытталған озық әдістерімен бөлісті.

Семинардың форматы қатысушылардың тәжірибе алмасуына ықпал етіп, олар кәсіби даму үшін пайдалы ұсыныстар алды.

Сурет галереясы