Жазғы сауықтыру ұйымдарын ұйымдастыру үшін санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер туралы ақпарат
12.03.2025

Ұлттық сараптама орталығы балалардың жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыру және жазғы сауықтыру ұйымдарын ашуға дайындау үшін санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажеттілігі туралы хабарлайды. Бұл қорытынды жазғы лагерьдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайды.

Барлық қажетті зертханалық және аспаптық зерттеулерді жүргізу санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды кезең болып табылады.

Қажетті зертханалық және аспаптық зерттеулерді жүргізу үшін аккредиттелген зертханаларды іздеуді жеңілдету мақсатында төменде қажетті ақпарат берілген.

Бұл шаралар жазғы лагерьлерді сапалы даярлау, санитарлық нормалар мен стандарттарды сақтау бағытында жүзеге асырылады.


Аккредиттелген зертханалар (ЛОО) бойынша жиынтық ақпарат