Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

Бруцеллез бен туляремияны зерттеудің зертханалық әдістері бойынша семинар Ақтөбеде өтті
Семинар по лабораторной диагностике бруцеллёза и туляремии прошёл в Актобе 24.04.2025

2025 жылғы 22–24 сәуір аралығында Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалы базасында «Бруцеллез бен туляремияны зерттеудің зертханалық әдістері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарға аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау саласында жұмыс істейтін 13 филиалдың мамандары – зертхана меңгерушілері, дәрігерлер және зертханашылар қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға лекциялар мен практикалық ұсыныстарды ҰСО Орталық аппаратының жетекші мамандары ұсынды:

  • Гүлнұр Бауыржанқызы Тоқтасынова – Өндірістік қызмет департаментінің сарапшы маманы, медициналық ғылымдар магистрі, мамандығы – «Медициналық-профилактикалық іс»;
  • Тоқтасын Кенжеканұлы Ерубаев – Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, медицина ғылымдарының докторы.

Семинар шеңберінде бруцеллез бен туляремияны зертханалық диагностикалаудың заманауи әдістері, биологиялық қауіпсіздік, зертханалық зерттеулердің сапасы мен стандарттау мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Осындай білім беру іс-шараларын өткізу – медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасындағы биоқауіпсіздік жүйесін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Сурет галереясы