Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

Радиациялық қауіпсіздік бойынша тренинг Ақмола облысында өтті
Тренинг по радиационной безопасности прошёл в Акмолинской области 25.04.2025

Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалы «Су мен азық-түлік өнімдерін зерттеудің радиохимиялық әдістері. Үлгілерді дайындау және зерттеу жүргізу» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталып, радиациялық мониторинг пен талдау мәселелеріне арналды.

Оқыту процесі Ұлттық сараптама орталығының әдістемелік және метрологиялық қамтамасыз ету департаментінің техникалық регламенттер мониторингі бойынша маманы Бекенова Калдекештің жетекшілігімен өтті. Сондай-ақ тренер ретінде радиохимиялық зерттеулер бойынша біліктілігін Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы профессор Ф.В. Рамзаев атындағы радиациялық гигиена ғылыми-зерттеу институтында арттырған Ақмола облысы филиалының санитарлық-гигиеналық зертханасының маманы Ашимова Карлыгаш қатысты.

Тренингке санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігерлері, мамандары және ҰСО филиалдарының радиологиялық бөлімдерінің лаборанттары қатысты.

Қатысушылар үшін қосымша түрде «Көкшетау минералды сулары» АҚ кәсіпорнына экскурсия ұйымдастырылып, онда мамандар өндіріс үдерісімен және су сапасын бақылау жүйесімен танысты. Аталған кәсіпорын Ақмола облысы бойынша ҰСО филиалының зертханасымен өнім сапасын өндірістік бақылау бойынша келісімшарт негізінде жұмыс істейді.

Мұндай іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасында радиациялық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау сапасын арттыруға ықпал етеді.

Сурет галереясы