Зертханалық қызметтің тиімділігі мен жеделдігін одан әрі арттыру мақсатында Ұлттық сараптама орталығының филиалдары автокөлік паркін заманауи техникамен кезең-кезеңімен жаңартуды жалғастыруда.
Жаңа автокөліктер мамандардың техникалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың мобильділігін, ыңғайлы жұмыс жағдайын және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы міндеттерді – нысандарға шығудан бастап, зертханалық талдауларды қысқа мерзімде жүргізуге дейін – орындауға дайын болуын қамтамасыз етеді.
Қызметті үнемі жетілдіру мен дамыту өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын және халық денсаулығының қорғалуын жоғары деңгейде қамтамасыз етеді.