Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалында болды.
Сапар аясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен ҰСО ШҚО филиалының қатысуымен бірлескен кеңес өтті. Жиын барысында зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру, эпидемиологиялық бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету және өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін күшейту мәселелері қаралды.
Кездесу соңында, медицина қызметкерлері күніне орай бірқатар қызметкер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан ұзақ жылғы еңбегі мен елеулі үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.