«Қауіпсіз азық-түлік – денсаулық кепілі»
«Безопасные продукты - залог здоровья» 24.06.2016

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігі жылдан-жылға артып келеді, себебі азық түлік өнімдері мен олардың шикізаттарының қауіпсіздігі адамдардың саулығы мен гендік қорды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.

2016 жылдың 10 маусымы күні ҚР ҰЭМ ТҚҚК БҚО бойынша департаменті мен ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалының  тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған «Қауіпсіз азық-түлік – денсаулық кепілі» атты акция өткізу туралы біріккен бұйрығы шықты.

Акцияның негізгі мақсаты – бақша өнімдерін өсіру және саудаға шығару барысында, облысқа сыртан көкөніс пен жеміс кірген кезде бақуатты санитарлық-эпидемиолиялық ахуалды қамтамасыз ету.

Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің аумақтық басқармалары мен филиалдың аудандық бөлімшелерінің басшыларына акцияны 2016 жылдың 14-16 маусымы аралығында барлық аудандарда бір мезгілде өткізу тапсырылды. Акция облыстың ірі сауда орындары мен базарларында өткізілді. Акция барысында тұтынушыларға олардың сапалы өнім тұтыну құқығы, гиигеналық талаптарға сай келмейтін тауар сатып алынған жағдайда өз құқығын қалай қорғауға болатыны туралы түсіндірілді.

Акция күндері тұтынушыларға сатып алған көкөніс, жемістерін, сондай-ақ өзге де ауылшаруашылық өнімдерін пестицид, нитратқа тегін тексеріп, зерттеудің ресми хаттамаларына ие болу мүмкіндігі ұсынылды.

«Тұтынушы қалай өз құқығын қорғай алады», «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі», «Бұны әр тұтынушы білуі керек», «Қауіпсіз азық-түлік тұтынудың бес амалы» атты үнпарақтар мен брошюралар көбейтіліп, таратылды.

Акция барысына БАҚ тартылып, жергіліктерге газеттерге шығару үшін материалдар жолданды.

Акция барысында экспресс-әдістерді қолданған түрде бактериологиялық,  паразитологиялық және санитарлық-гигиеналық көрсеткіштерге 600ден астам зерттеулер жүргізілді. Тексерілген азық-түлік өнімдері бактериологиялық және  паразитологиялық көрсеткіштер бойынша нормаға сай екендігі анықталды. Орал қаласы бойынша зерттелген көкөніс пен жемістердің 12% нитрат көрсеткіші бойынша қалыпқа сай келмеді, аудандарда зерттелген азық-түліктен оң көрсеткішті сынамалар табылғанымен,  қалыпқа сай емес өнімдер анықталған жоқ.