Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Филиалдың санитариялық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
1. Филиалдың санитариялық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігерінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімнің немесе жоғарғы медицина білімі және санитариялық-эпидемиологиялық бейіні бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
2. Өз спецификасы бойынша санитариялық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері мыналарды білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі;
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
"Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормалар.
Лауазымдық міндеттері:
Нормативтік құжаттарға, әдістемелік нұсқауларға сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу, сынақ нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету. Стандартты ерітінділердің, химиялық реактивтердің дұрыс дайындалуын бақылауды жүргізу. Зертхананың құрал-аспаптары мен жабдықтарында жұмыс істеу техникасын меңгеру. Зертханашылардың жұмысын бақылау, зертхананың жұмыс тәжірибесіне жаңа сынақ жүргізу әдістерін енгізу. Зертханада ішкі тәртіп ережелерін, тазалық тәртібін сақтау. Зертханаға бекітілген материалдық құндылықтардың, құрал-аспаптар мен құрал-жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдаудың заманауи әдістерін қолдану, халықтың денсаулығына әсер ететін негізгі факторларды анықтау. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, эпидемияға қарсы режим, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын сақтау. Зертхана қызметінің барлық түрлері бойынша өзара алмасуды қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурс қорытындысын шығару
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.30.) жүргізіледі. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 2.
Құжаттар қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 10 шілде, сағат 18.30-ға дейін.
Байланыс телефоны: 87015731981