Уалиева Светлана Есенгалиевна

Туған жылы: 22.12.1972 ж.

Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Алматы мемлекеттік медицина институты. «Санитария, гигиена, эпидемиология» мамандығы;
  • Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институты. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек өтілі:

  • 1996 - 2003 жж. – Орал қалалық дезинфекциялық станциясының дәрігер-эпидемиологы, жедел бөлім меңгерушісі;
  • 2003 - 2004 жж. – Батыс Қазақстан облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының ақпараттық қамтамасыздандыру және автоматтандырылған басқару жүйесі бөлімшесінің меңгерушісі;
  • 2004 - 2005 жж. – Батыс Қазақстан облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ақпараттық қамтамасыздандыру және мониторинг бөлімінің басшысы;
  • 2005 - 2012 жж. – Батыс Қазақстан облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің дезинфекциялық қызметпен айналысатын ұйымдардың жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы;
  • 2012 - 2014 жж. – Батыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ошақты дезинфекция және ауруханаішілік инфекцияларды қадағалау бөлімінің басшысы;
  • 2014 - 2015 жж. – Батыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы;
  • 2015 – 2017 жж. – ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Өндірістік қызмет департаментінің маманы;
  • 2017 - 2020 жж. – ҚР ДСМ ҚКҚБТУ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары;
  • 2020 ж. - 10 қаңтар 2024 ж. – ҚР ДСМ СЭБК «Дезинфекция орталығы» «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры.

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

  • «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
  • «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.